«Астана-Дуатлон-2018» жарысы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада өткен «Астана-Дуатлон» жарысына 500-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа 16 жастан бастап барлық азаматтардың қатысу мүмкіндігі болды. Жарыс үш кезеңнен тұрды: 5 шақырымға жүгіру, 20 шақырымға веложарыс және 2,5 шақырымға жүгіру.

Жарыстың үш кезеңінен сүрінбей өткен қатысушылардың ішінде ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков, «Цеснабанк» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы Дәурен Жақсыбек, Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының бастығы Болат Мажағұлов, Астана футбол федерациясының басшысы Мәлік Хасенов, «Алау» мұзайдыны кешенінің директоры Санат Шапашов бар.

Ақтық мәреге жеткен қатысушыларды Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев құттықтап, бағалы сыйлықтар және медальдармен марапаттады.

Одан бөлек, «Астана-Дуатлон 2018» қатысушылары арасында лотерея билеттері ойнатылып, бағалы сыйлықтар ұтысы болды.

Шара Астананың 20 жылдығына орай, қалалық мәдениет және спорт басқармасының ұйымдастырумен және Астана триатлон федерациясының қолдауымен өткізілді.

null 

Соңғы жаңалықтар