«Астана» «Динамоға» қарсы ойнайтын құрамын жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» УЕФА Чемпиондар лигасына іріктеудің үшінші раунды аясындағы Загребтің «Динамосына» қарсы қарымта кездесуге апаратын құрамын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz. 

Бапкерлер штабы мына ойыншыларды хаттамаға енгізген:

қақпашылар - Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов; қорғаушылар - Юрий Логвиненко, Антонио Рукавина, Абзал Бейсебеков, Сергей Малый, Дмитрий Шомко, Евгений Постников;

жартылай қорғаушылар - Ласло Кляйнхайслер, Иван Маевский, Бахтияр Зайнутдинов, Ричард Алмейда, Педро Энрике, Марин Томасов, Серікжан Мұжықов;

қорғаушылар - Алексей Щеткин, Джуниор Кабананга, Рангело Янга, Роман Мұртазаев и Владислав Прокопенко. 

Еске сала кетейік, ойын тамыздың 14-інен 15-іне қараған түні Астана уақытымен 00:00-де басталады. Оны тікелей эфирден «Qazsport» телеарнасы көрсетеді. 

Соңғы жаңалықтар