Астана декларациясына сай, атомды бейбіт мақсатта пайдалануды қолдаймыз – Лукашенко

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь атом энергиясының бейбіт мақсатта пайдаланылуына бақылауды толығымен қолдайды. Бұл жөнінде Беларусь Президенті Александр Лукашенко Циндаода өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының отырысында мәлім етті, деп хабарлайды БЕЛТА.

«Беларусь ШЫҰ-ның Астана декларациясында бекітілгендей, атом энергиясының бейбіт мақсатта пайдаланылуына бақылауды және оның бейбіт мақсатта пайдаланылуы кезінде теңқұқықтық өзара тиімді ықпалдастықты толығымен қолдайды», - деді Александр Лукашенко.

Беларусь Президенті ядролық қауіпсіздікті күшейту, атомды бейбіт мақсатта пайдалану және осы саладағы зерттеулерге қатысты мәселелерде ынтымақтастықты нығайту - ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер үшін анағұрлым өзара қызығушылық тудыратын бағыттардың бірі бола алады. 

Соңғы жаңалықтар