Astana Dausy фестивалінде 12 елдің әншілері өнер көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Astana Dausy-2018» екінші жыл сайынғы музыкалық шарасының өтуіне бір аптадан аз уақыт қалды, деп хабарлайдыц ҚазАқпарат.

 29 тамызда «Барыс Арена» мұзайдын сарайының сахнасында Азия, Еуропа және Американың 12 мемлекетінің артистері барша әлем тыңдармандарының жүрегін жаулаған хиттерін орындайды.

Атап айтқанда, Ninety One тобы, Григорий Лепс, Loreen, ALEKSEEV, Ани Лорак, Филипп Киркоров, Согдиана, СосоПавлиашвилижәне басқалары. Кеш жүргізушілері - Ләйлә Сұлтанқызы және Андрей Разыграев.

Өткен жылы аталмыш шара елордада алғаш рет өткізіліп, күшті әсер қалдырған. Бейбітшілік пен келісім сарайында Қайрат Нұртас, Бьянка, Oceana, Arash, Григорий Лепс сынды үздік артистер қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлаған болатын. Әншілер қазақстандық көрермендердің қонақжайлылығы мен ықыласын ерекше атап өтіп, жылы қарсы алғандары үшін алғыстарын білдірді.

Биыл да ұйымдастырушылар қызыққа толы керемет кеш сыйламақ. Айта кетейік, «Astana Dausy-2018» шарасын Астана қаласы әкімдігінің мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастырады.

Фестивальдің қоюшы-режиссері ретінде Киевтен «FCHF-group» командасы шақырылды. Музыкалық шараның басты ұраны - «Астана дауысы - шексіз!».

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, артистер сахнада өнер көрсеткенде лазерлік шоудың инсталляциялары мен элементтерінде Қазақстанның символдары мен ұлттық белгілері қолданылады. Мысалы, басты экран ұлттық бас киімнің, ал едендегі дөңгелек экран Астананың белгісінің элементтерінің бірінің формасында жасалады. Әрбір қойылым ерекше болады, дейді ұйымдастырушылар.

Еске салайық, фестивальге қатысатын артистерге көрермендердің шексіз сүйіспеншілігінің және оның шығармашылығын жоғары бағалаудың белгісі ретінде мүсіншелер табысталады. Музыкалық кеш 29 тамызда сағат 19.00-де өтеді. 

Соңғы жаңалықтар