«Астана» Данияның «Мидтьюлланд» командасын жеңіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» өз алаңында УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында Данияның «Мидтьюлланд» командасымен ойнап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана» іріктеу кезеңінің бірінші раунды аясында Черногорияның «Сутьеска» командасын орта жолда қалдырды. Өз алаңында пенальтиден соғылған жалғыз голдың көмегімен жеңсе, сырт алаңда 2:0 есебімен басым түскен болатын.

Елордалық ұжым «Мидтьюлланд» командасына қарсы алғашқы ойынды өз алаңында, «Астана Арена» стадионында өткізгендіктен әрі еурокубоктардағы тәжірибесі қарсыласына қарағанда көбірек болғандықтан, оны футбол мамандары фаворит ретінде көрсеткен болатын. Алайда ойынның алғашқы минуттарында бұл басымдық байқала қойған жоқ. Ара-тұра ұйымдастырылған шабуылдар да нәтижесіз аяқтала берді. Кейде елордалық ұжымның шабуылы мардымсыз болып жатты, ал кейде даттардың қорғаныс шебі, дәлірегі, Хансен-Санне-Святченко үштігі қалтқысыз өнер көрсетті. Қауіпті шабуылдардың аздығынан, қонақтар «Астана Аренада» өздерін еркін сезіне бастады. Тіпті, кейде дриблинг жасауға да батылы бара бастады.

Астаналықтар да осы еркінсінуді күткендей екен, 31-минутта алаң орталығында доп алған 6-шы нөмірдегі Ласло Кляйнхайслер қарсыластың қорғаныс шебінде пайда болған бос кеңістікті ұтымды пайдаланып, айып алаңына жақындай бергенде, допты пәрмендеп соқты. Қарсыластар қақпашысы Йеспер Хансен күшті соққыны қайтаруға дәрменсіз болып шықты - 1:0.

Голдан жігерленген жергілікті команда 1-таймның аяғына дейін есепті еселей түсуге әрекет жасады. Бірақ қонақтардың қорғанысы үзіліске дейін басқа гол жібермеді. Румыниялық төреші Раду Петреску бірінші таймның аяқталғанына белгі берді.

 

Соңғы жаңалықтар