«Астана» Чемпиондар Лигасының матчына Денис Теннің портреті бейнеленген футболкамен шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» футболшылары Чемпиондар Лигасының даттық «Мидтьюлландпен» матчында қаза тапқан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннді құрметпен еске алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Елордалық команданың ойыншылары алаңға оның портреті бейнеленген футболкаларды киіп шықты. Сондай-ақ, матчтың алдында «Астана Аренада» бір минут үнсіздікпен еске алды.

Айта кетсек, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында, 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған. 

Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. 

Ол оң жақ санының жоғары тұсынан жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. 

Бірақ Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов қосымша қан қажет еместігінжәне ресурстар жеткілікті екендігін мәлім еткен болатын. 

 2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды. 

Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. 

Белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындады. 

Екінші күдікті - 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергеновке іздеу жарияланды. 

 Сондай-ақ,  Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясов күзетпен Алмалы аудандық сотына жеткізілген. 

Ал Денис Теннің өлімі бойынша күдікті екінші адам Арман Құдайбергенов ұсталды.  

Соңғы жаңалықтар