«Астана-Челябинск» пойызында тәртіп бұзған екі жолаушыны түсіріп тастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана-Челябинск» пойызынан қоғамдық көлікте тәртіпті бұзған екі жолаушыны түсіріп тастады, деп хабарлайды көліктегі ІІД баспасөз қызметі. 

«Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері «Астана-Челябинск» бағытындағы жолаушылар пойызынан қоғамдық тәртіп бұзған екі ер адамды түсіріп тастады. Олар 1968 және 1983 жылғы Лисаковск тұрғындары екендігі анықталды», - делінген хабарламада.

Көліктегі полицейлер оларға қатысты үш әкімшілік материал толтырды: бұзақылық жасағандары үшін, қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкендері немесе мас күйде жүргендері үшін, сондай-ақ тыныштықты бұзғандары үшін.

Таран аудандық сотының және Полиция желілік бөлімі қызметкерлерінің шешімімен Қостанай стансасында құқық бұзушылар әкімшілік жазаға тартылып, әрқайсысы 8,5 АЕК (20442 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Соңғы жаңалықтар