Астана бюджетіне түсетін салық көлемі артып келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда бюджетіне түсетін салық көлемі артып келеді. Бұл туралы бүгін Астана қалалық  стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Расул Оразғұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қала дамуының экономикалық көрсеткіштері динамикасын ескерер болсақ, ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде Астана бюджетіне түскен кіріс көлемі 136,2 млрд теңгені құрап отыр. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 2,4 пайызды құрайды. Оның ішінде салық түсімдері 126 млрд теңгені құрап, 3,6 пайыз өсім көрсетті», - деді ол елорда әкімдігінде өткен қоғамдық тыңдау барысында.

Оның айтуынша, осыған байланысты қаланың жалпы кірісінің жылдық болжамын 6 млрд 10 млн 479 теңгеге ұлғайту ұсынылады. Аталған соманың 3 млрд теңгесін салық түсімдері, 1,4 млрд теңгесі салықтық емес түсімдер және 1,6 млрд теңгесін негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер құрайды.

«Осылайша, Астана қаласының нақтыланған бюджетінің жалпы көлемі енгізілетін өзгертулерді есепке алғанда 433 млрд теңге 246 млн теңгені құрап, жыл басында бекітілген бюджет 13 пайызға немесе 52 млрд 11 млн теңгеге артады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар