Астана -Бурабай шипажайы аралығына қатынайтын электр пойызы жаңа үлгімен жабдықталған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің  танымал курорт аймағының бірі Бурабайда демалушыларға  электр   пойыздары Астанадан тікелей «Бурабай» демалыс базасына күнделікті жүріп жатқанына да біршама уақыт болды.

Айта кетер жайт, бұл пойыздың артықшылығы, оқыс оқиғалар болған жағдайда апаттық-құтқару жүйесінің жолаушылар мен локомотив экипажының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі.
null 

Бұл заманауи электр  пойызы Ресейдегі Демихов машина жасау зауытында құрастырылған. Оның ерекшелігі дизайны жаңартылған және  аэродинамикалық сипаттамалары жақсартылған.
null 

Жолаушылар пойызы 3 класқа бөлінген алты вагоннан тұрады. Ал әр класта  екі вагоннан, 377 жолаушыға арналған.
null 

Екінші, үшінші кластағы вагондардан бірінші кластағы вагонның айырмашылығы да онша көп емес. Артықшылығы, 1- ші кластағы вагондарда ішкі жарықтандыру деңгейі жоғары. Вагондардағы көз тартатын әрі төзімді материалдардан жасалған орындықтарда өзіңізді еркін сезінесіз. Сондай-ақ, мұнда қосымша  жүк қоятын орын да бар.
null 

ЭП-3Д  сериясындағы электр пойызында инновациялық жабдықтар, үнемді жарықдиодты жарықтандыру жүйесі, ауаны тазарту құрылғылары қолданылады.

null 

Сондай-ақ, электр пойызы жылжымалы есіктермен жабдықталған. Яғни, бір қолмен екі есікті бір мезгілде ашуға болады.

null 

Жолаушыларға арналған «БАР» - орналасқан жолда жүрек жалғап алуға таптырмайтын орын.

null 

Тағы бір тоқталып өтері, мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін арнайы көтергіштер бар және кіреберіс есіктегі арнайы батырма арқылы жолсерікті шақыртуға болады.  Вагондарда қауіпсіздік белдігімен жабдықталған арнайы орындар да ескерілген.

null 

Әрбір вагонда ақпарат тақтасынан пойыз жайлы қажетті мәліметті алуға болады. Сондай-ақ,  бағытты көрсететін электронды маршруттық тақталар орналасқан. 

null null 

Тастан Жанатұлы

Соңғы жаңалықтар