Астана басшылығы жаңа босанған аналарды құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімшілігі Елорда күні босанған қыз-келіншектерді құттықтау үшін перзентханаларда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Бүгін бүтін ел Астана күнін атап өтуде, бірақ кейбіріміз үшін ол әсіресе ерекше, себебі, дүниеге келген күнмен тұспа-тұс келеді. Босанған аналар мен елорданың жаңа тұрғындарына аздаған мереке сыйлағымыз келді. Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыровпен бірге нәрестелер мен олардың аналарын туған күндерімен ғана емес, елорданың 19 жылдығымен де құттықтады», - делінген Сарыарқа ауданы әкімдігінің Фейсбуктегі ресми парақшасында .

Хабарланғандай, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің игі құттықтауларын жеткізген Сарыарқа ауданының әкімі, шақалақтардың дәл Елорда күні дүниеге келуі ерекше қуаныш екендігін айтып, мереке иелеріне естелік сыйлықтар табыс етті. 

Соңғы жаңалықтар