+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

«Астана банкінің» екі салымшысы 10 миллиондық депозиттерін алуға асығар емес - ҚДКБҚ

2020 жылғы 27 қаңтар 14:03
Бөлісіңіз:
«Астана банкінің» екі салымшысы 10 миллиондық депозиттерін алуға асығар емес - ҚДКБҚ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Еуразиялық банк бөлімшелерінде «Астана Банкі» АҚ салымшыларына өтем төлеу мерзімі 2020 жылдың 27 шілдесіне дейін ұзартылды. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) мен Еуразиялық банк тиісті келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда құны 114 миллиард теңге болатын 18 инвестициялық жоба іске асады Алматыны дамытуға бағытталған ұзақ және орта мерзімді құжат әзірленді 2025 жылға қарай пошта жөнелтімдерін реттейтін орталықтар саны жиырмаға жуықтайды

Салымшының таңдауы бойынша ақша қолма-қол немесе банктік шотқа аударылуы мүмкін.

Еуразиялық банк «Астана банкі» АҚ салымшыларына өтемді 2019 жылғы 26 қаңтардан бастап ҚДКБҚ атынан және өз қаражаты есебінен төлейді. Салымшылар алдындағы міндеттемелердің 75%–ы төлем басталғаннан бастап алғашқы үш күнде, 95% – ы бірінші айда өтелді. Бүгінгі таңда «Астана Банкі» АҚ салымшыларына 37 миллиард теңге төленді, ал агент банкке жүгінбеген салымшылардың алдындағы міндеттемелердің қалдығы бастапқы міндеттемелер сомасынан тек 1%-ды құрайды.

Төлем алуға өтініш берген салымшылардың саны көп емес: «Астана Банкі» АҚ 268 мың салымшыларының тек 59 мың салымшысы агент банкке жүгінген, ал бүкіл аймақтар бойынша жүгінулердің пайызы 28%-дан аспайды. Негізгі себеп - аз қалдықты шоттардың көп саны: талап етілмеген депозиттердің шамамен 95%-ы бес мың теңгеден кем сомаға, оның ішінде 80%–ы бір мың теңге шегінде. Салымшылар, әдетте, шағын депозит бойынша өтем алуға асықпайды.

Алайда, ірі депозиттер қалуда: агент банкке әлі өтініш білдірмеген екі салымшы ең жоғары өтем сомасына – 10 миллион теңге, 30 салымшы – миллион теңгеден астам, 346 адам – 100 мың теңгеден астам, 5 мың адамның 10 мың теңгеден астам депозиттері бар.

Осы жағдайда ҚДКБҚ және Еуразиялық банкі басшылығы «Астана Банкі» АҚ салымшыларына олар тұратын және жұмыс істейтін орындарда төлем алу мүмкіндігін одан ары да қамтамасыз ету қажет деп санады. Еуразиялық банк Қазақстанның 33 қаласында ұсынылған және 17 филиалы мен 114 бөлімшесі бар, ал кейбір бөлімшелері демалыс күндері де жұмыс істейді.

«Астана Банкі» АҚ салымшыларын Еуразиялық банктің кез келген бөлімшесінде күтуде. Егер салымшы төлем алуға жеке өтініш білдірсе, бөлімшедегі шот менеджеріне жеке басын куәландыратын құжатпен жүгіну жеткілікті, сонымен қатар, өтініш бланкісін сол жерде толтыруға болады. Өтінішті қараудың және ақша төлеудің ең ұзақ мерзімі –5 жұмыс күні.

«Астана Банкі» АҚ 2018 жылдың 18 қыркүйегінде барлық банктік операцияларды жүргізуге лицензиядан айрылған болатын. 2018 жылдың 26 қарашасында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен банкті ықтиярсыз тарату туралы шешім қабылданды – бұл шешім 2019 жылдың 9 қаңтарында заңды күшіне енді. 2019 жылдың 26 қаңтарында «Евразиялық банк» АҚ Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қорының атынан және қаражаттары есебінен салымшыларға – жеке тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге өтеуді төлей бастады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Астана Банкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ және «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ салымшыларына төлем жасауды жалғастыруда. Осы банктердегі депозиттердің 99,3%-ы толығымен кепілдікпен қорғалды және салымшылар жинақталған сыйақысы бар өз депозитінің толық сомасына өтемақы алды немесе алуға құқылы.

Әрбір үш банктің салымшылары алдында орындалған міндеттемелердің пайызы 98% – дан асады: «Астана Банкі» АҚ – 98,8%, «Qazaq Banki» АҚ–98,9%, «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ– 99,4%. Қазіргі уақытта үш банктің салымшыларына Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының резервінен 57,7 миллиард теңге төленді.

Заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚДКБҚ барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиядан банктің айрылу күнінен бастап 35 жұмыс күні ішінде төлеуді бастайды – сот шешімдерін күту алынып тасталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Банктер, Алматы, Экономика,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT