Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

«Астана Банкі» салымшыларына өтемақы төлеу мерзімі ұзартылды

2019 жылғы 16 шілде 12:10 193
Бөлісіңіз:
«Астана Банкі» салымшыларына өтемақы төлеу мерзімі ұзартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Астана Банкі» АҚ салымшыларына өтемақы төлеу уақытын тағы жарты жылға ұзартады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚДКБҚ және «Еуразиялық банк» АҚ (агент банк) осындай келісім жасасты.

Төлем басталған сәттен бастап, яғни 2019 жылдың 26 қаңтарынан «Астана Банкі» АҚ-ның 52 мың салымшысы агент банкке өтемақыны алу жөнінде өтініш жасады. Содан бері жалпы сомасы 36,9 млрд теңге өтемақы төленді. Осылайша, ҚДКБҚ «Астана Банкі» АҚ салымшылары алдындағы міндеттемелерін 98,4% -ға өтеді.

Қалған 1,6% – негізінен шоттардағы шағын қалдықтар. Оны алуға адамдар, әдетте, асықпайды.

Атап айтқанда, «Астана Банкі» АҚ салымшыларының 64% депозиті 1000 теңгеден аз, 79% депозиті 5 000 теңгеден аз.

«Астана Банкінің» 216 мың салымшысы төлемді қайтаруға жүгінбеген.

Төлем басталғаннан кейін жарты жылдан соң «Астана Банкі» АҚ салымшылары агент банкке өтініш беруді жалғастыруда. Соңғы айда агент банкке күніне 115 өтініштен келіп түсті.

ҚДКБҚ және «Еуразиялық банк» АҚ «Астана Банкі» АҚ салымшыларына өз қаласында, өз ауданында өтемақы ала алатынын ескертеді. Өтемақы алу үшін 2020 жылдың 26 қаңтарына дейін кез келген бөлімшеге кез келген жұмыс күні хабарласуға болады.

Салымшыдан сұралатын жалғыз құжат – жеке куәлік пен өтініш, оның бланкін агент банктің бөлімшесінде толтыруға болады. 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Банктер, Қаржы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT