«Astana Ballet» театры ұлттық құндылықтар мен әлемдік классиканы қатар алып жүрмек - бас балетмейстер Айгүл Тәти

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыға «Astana Ballet» театры Алматыға концерттік бағдарламамен келді. Құрылғанына 1,5 жыл өткен жаңа ұжым Оңтүстік астана тұрғындарына әлемдік және ұлттық хореографиялық өнердің озық туындыларын ұсынбақ.

«Біздің Алматыға гастрольдік сапармен келуіміз заңды деп ойлаймын. Өйткені Алматы - өнер ордасы. Біздің барлығымыз Алматыда тәрбиелендік. Алғашқы сапарымыз Шығыс Қазақстан облысында болған еді. Өнеріміз Алматы халқының көңілінен шығады деген үміттемін», - деді «Astana Ballet» ұжымының бас балетмейстері Айгүл Тәти.

Театр труппасы бүгін Алматы жұртшылығы назарына қазақ, түрік, үнді, қытай билерін, әлемдік классиканың жасампаз жауһарлары: Н.Римский-Корсаковтың, К. Караевтың, А. Бородиннің, И. Стравинскийдің музыкаларына қойылған би композицияларын, ұлттық нақыштағы «Қарлығаш», «Жібектің түсі», «Құс жолы» хореографиялық композицияларын ұсынбақ.

Соңғы жаңалықтар