«Astana Ballet» халықаралық гастрольдік турының барысында Бакуде өнер көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Балет» театры өзінің халықаралық гастрольдік турын бастады, оның ұжымының өнер көрсететін бірінші қаласы Баку болды. Бұл туралы «Astana Ballet» Мемлекеттік театрының Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

8 сәуірде Әзербайжанның астанасында театр әртістері қазақстандық көрерменнің көңілінен шығып үлгерген «Шығыс рапсодиясы» атты концерттік бағдарламасын ұсынады.

«Баку қаласы да «Астана Балет» театры репертуарының тамаша хореаграфиясын жоғары бағалайтынына үміттенеміз», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар