«Астана балет» театры туристік нысандар қатарына енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы мен Астана балет театры өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы күні туризм - әлемдік экономиканың қарқынды дамып жатқан саласы. Туристер барған аймағының архитектуралық ескерткіштерімен, мәдени ерекшеліктерімен танысуға асық. Осы тұрғыда «Астана Балет» - экскурсия жүргізетін ғажайып ғимарат. Әлемнің кез келген жерінен келген мейман үшін театр ғимараты мәдени туризм нысанына айналмақ. Театрға келіп, көрермен ықыласына бөленген шығармашылық ұжыммен танысу - еліміздің хореография өнерінің тарихымен де танысу. Театрға келу - мәдени-танымдық, этникалық және ойын-сауық туризмін жандандыра түсері анық», - делінген «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының хабарламасында.

Осы мақсатта «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Күзембаев және «Astana Ballet» театрының директоры Александр Совостьянов екіжақты ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойды.

«Меморандум елорданың туристік кластерін бәсекеге қабілетті етіп, тарихы, дәстүрі мен мәдениеті бай Қазақстанға шетелдік туристерді тартуға ықпал етпек. «Астана балет» Қазақстан астанасының туристік брендіне айналмақ. Қазақстандықтар мен шет елдік туристерді «Астана балет» театрының тыныс-тіршілігімен таныстыру мәдениет саласында шет елдік меймандарды қызықтыратын тың жоба болмақ», - деп хабарлайды ұлттық компания.
null

Меморандумның мақсаты - «Астана Балет» театрының премьералары мен экскурсияларын қамтитын театрлық турларды әзірлеу және насихаттау. Бұл ретте, отандық туроператорларды тартып, олар үшін театрмен бірігіп арнайы шарттар мен ережелер әзірлеу жоспарлануда.

Қазірдің өзінде театрда «Сахна артындағы құпиялар» экскурсиялық тур өткізілуде. Экскурсия барысында туристер театрмен және оның репертуарымен ғана емес, әлемдік және қазақстандық балет тарихымен танысады.

Айта кетсек, Астана балет театры Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Театр репертуарында сан-алуан жанрдағы балеттер мен концерттік бағдарламалар бар, атап айтқанда классика мен неоклассикадан бастап, contemporary мен ұлттық биге дейін. Сондай-ақ, театр репертуарында Қазақстан, Ресей, АҚШ пен Германия, Қытай мен Бразилияның әйгілі балетмейстерлері қойған 20-дан астам спектакль бар.

null null

Соңғы жаңалықтар