«Астана балет» театры Талдықорғанда алғаш рет өнер көрсетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Астананың 20 жылдығына орай «Астана балет» театры ел ішінде гастрольдік сапармен жүр. Олар алғаш рет Алматы облысының орталығы Талдықорғанда өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана балеттің мың бұралған бишілері Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында  Петр Чайковскийдің бір актілі «серенадасын» шығарып, көрермендерді әсемдік пен сұлулық әлеміне бөледі. Талдықорғандықтармен бірге қойылымды Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да тамашалады. Ішекті аспаптарға арналған серенада 48 шығармадан тұрады. Сонау АҚШ-та алғаш сахналанған қойылым жетісулықтардың көңілінен шықты.

«Астана балет» театрының өнерін тамашалап мәртебеміз, көңіліміз көтеріліп қалды.Біздің Қазақстанда осындай талантты жастарымыздың бар болғаны үшін қатты риза болдым. Киімдері де, өнерлері де  керемет. Талантты жастарымыздың қатары арта берсін», деген жылы лебізін көрерменнің бірі Қалқа Балжанова білдірді.

nullӨнер ұжымы Елбасы бастамасымен 2012 жылы құрылды. Труппаға Селезнев атындағы Алматы хореграфия училищесінің үздіктері іріктелініп алынған. 65 адамнан құралған шығармашылық топ еліміздің оңтүстік өңірлерін  аралап шықты. Енді олар батысқа жол тартпақ.

null «Біз Талдықорғанға дейін Алматы және Қызылорда қалаларында болдық. 25 мамырда Ақтау қаласына гастрольдік сапармен барамыз деп жоспарлап отырмыз. Көрермендерімізге тамаша кеш сыйлай үшін біз Астанадан өзіміздің музыкалық аппаратурамызды да алып келдік», - дейді «Астана балет» театрының директоры Валерий Кузембаев.  

Бишілерге Алматы облысы әкімінің, Мәдениет және спорт министрінің ықылас гүлдері табысталды.

Соңғы жаңалықтар