«Астана - әйелдер келбеті» альманахының тұсаукесері өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елорданың тарихы мен саяси өмірінде ізі қалған белгілі әйелдер жайлы «Астана - әйелдер келбеті» альманахының тұсаукесері өтті.

9 бөлімнен тұратын туынды «BG-Print» баспасында басылып шықты.

Тұсаукесер шарасына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әсима Бимендина, Майра Айсина және белгілі бизнесмендер, басқа да сала өкілдері қатысты.

«Елордамыздың іргесі қалануына барын салған әйелдер аз емес. Біз оларды дәріптеуіміз керек. Мен Астананың дамуына қосқан үлесім еленіп отырғанына өте қуаныштымын», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әсима Бимендина.

Кітапта Астананың көркеюіне үлес қосқан 70 белсенді әйелдің өмірі жайлы баяндалады.

Альманахтың шығуына «Selebrite SPA» фитнес орталығының директоры Динара Сардарова, «Астана - Телекөпір» ЖШС директоры Борис Фишбах, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы бас директорының орынбасары Жанна Шаймұханбетова қолдау көрсетті.

Соңғы жаңалықтар