+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Астана автобустарында жол ақысын банк картасымен төлеуге болады

2021 жылғы 16 қазан 23:14
Бөлісіңіз:
Астана автобустарында жол ақысын банк картасымен төлеуге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше қоғамдық көлік бағыттарында жол жүру ақысын кез келген екінші деңгейдегі банктің картасымен төлеуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі  өзгерді - ҚТЖ Ақылы жолдарда Қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады Шығыс Қазақстанда көктайғақ: Күре жолда көлік қозғалысы шектелді

CTS компаниясының мәліметінше, бұл жаңашылдық пилоттық режимде іске қосылады және 31 қазанға дейін жалғасады.
«VISA және Mastercard карталары, сондай-ақ NFC жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы төлем жасауға болады. Транзакция үшін оларды валидатордың жанында орналасқан арнайы терминалға тигізу жеткілікті», - деді компаниядан.
Айта кетейік, пилоттық жоба №61 қалалық бағыттағы үш автобуста, сондай-ақ қала маңына қатынайтын №309, 310, 315 бағдарларда жүзеге асырылады. Автобустар арнайы сәйкестендіру жапсырмаларымен ерекшеленеді.
Банк картасымен төлеу кезіндегі жол жүру құны өзгеріссіз қалады.
Пилоттық жоба банк картасымен жол ақысын төлеу валидаторларын сынақтан өткізуге мүмкіндік береді. Кейін бұл қызмет барлық автобустарда қолжетімді болмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT