Астана автобустарында жаңа тәртіп: Валидатор істен шықса, жолаушы тегін жүреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астананың қоғамдық көліктерінде дифференциалды тариф жүйесі енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 21 шілдеден бастап қалаішілік автобустарда қолма-қол ақшасыз электрондық картамен төлеу 90 теңгені құрайтын болады. Электронды карталарды сатып алып үлгермегендер кондукторға қолма-қол ақшамен 180 теңге төлейді. Сондай-ақ жолаушылар мен багажды қоғамдық экспресс көлікпен тасымалдау қолма-қол ақшамен 250 теңгені құрайды.

Бұл ретте, электронды төлемді қабылдайтын валидаторлар жұмыс істемей тұрса, жолаушылар автобуста тегін жүруге құқылы.
nullnull

Өзгермелі тарифтің енгізілетіні бір ай бұрын хабарланса да, карта алып үлгермеген жолаушылар жетерлік. Сол себепті, карта сататын автоматтар қасында кезек көп.
null

Астана LRT Науат Азанбаеваның хабарлауынша, жолақы төлеу тәртібінің өзгеруіне байланысты бүгін карта сататын әрбір автоматтың қасында кеңесші жұмыс істейді және олар халыққа карта сатып алуды, теңгерімді толтыруды үйретеді.
nullnull

nullnull

«Ақша толып қалған жағдайда инкассаторлар келіп жұмыс істейді, оған шамамен 15-20 минут уақыт кетеді. Одан басқа еш мәселе туындамайды деп бағамдап отырмыз. Қазір қаладағы 30 терминал 100% жұмыс істеп тұр. Астана LRT мамандары бақылау жасап отыр», - деді Науат Азанбаева ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Компания өкілінің айтуынша, автобус ішіндегі кондукторлар енді Электрондық төлеу жүйесінің кеңесшісі деп аталады және олардан көлік картасын қолма-қол ақшаға сатып алуға болады.

«Күннің алғашқы жартысында автобус ішіндегі кеңесшілер 30 мың карта сатып үлгерді. Ал терминал мен кассалардың нәтижесі кешке дайын болады. Картаны арнайы кассаларда және автоматтарда немесе Qiwi терминалдары арқылы толтыруға болады», - деп өз сөзін толықтырды Науат Азанбаева.

Жолаушылардың қоғамдық көліктен мініп-түсу тәртібін әзірге ешкім ұстанып жатқан жоқ. Адамдар өзіне ыңғайлы есіктен кіріп-шығып жүр. Ал Электрондық төлеу жүйесінің кеңесшілері (кондукторлар) баяғыдай қолма-қол ақшамен есептесіп, жолаушылардың электронды картасын тексеруде.

null

Соңғы жаңалықтар