Астана аумағындағы көкөніс қоймасындағы өртке байланысты мемлекеттік комиссия құрылды

None
None
АСТАНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Кеше Астана аумағындағы көкөніс қоймасындағы өртке байланысты мемлекеттік комиссия құрылды. Мұндай қаулы бүгін Премьер-Министр  Кәрім Мәсімовтің  төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында қабылданды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін біз Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың басшылығымен мемлекеттік комиссия жөніндегі қаулыны қабылдаймыз», деді К. Мәсімов.

Кеше Астанада үлкен трагедия болғанына тоқталған ол, Елбасы осыған байланысты  тиісті тапсырма бергенін, осыған орай мемлекеттік комиссия құрылатынын айтып өтті. «Оқиға орнында қаза болғандардың туған-туысқандарына көңіл айтамын», деді К. Мәсімов.

Төтенше жағдайлар министрінің мәліметіне қарағанда, аталған нысанда өрт салдарынан 14 адам қаза болды. Оның төртеуі - Ресей азаматтары.

Соңғы жаңалықтар