Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстарына байланысты ұшу кестелеріне өзгеріс енгізілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Air Astana компаниясы 19 рейстің ұшу кестесін өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған авиакомпанияға сілтеме жасап.

«Астана әуежайының ұшып-қону жолағын жөндеу туралы 2023 жылғы 19 мамырдағы хабарламасына сәйкес, Air Astana аивкомпаниясы 24, 31 мамырға және 7 маусымға (13:20-дан 17:20-ға дейін) жоспарланған рейстер кестесіне өзгеріс енгізуге мәжбүр. Жалпы алғанда, өзгерістер 19 ішкі рейске әсер етеді.

Сондай-ақ 2023 жылғы 15 шілде мен 8 тамыз аралығында Астана әуежайында жоспарлы жөндеу жұмыстары болатыны туралы естеріңізге саламыз», - делінген хабарламада.

Рейстер мәртебесін https://airastana.com/kaz/kk-kz (Ақпарат/Әуежайда/Рейс-статусы) сайтында көруге болады. Ал билетті қайтару және қайта брондау мәселелері бойынша https://help.airastana.com хабарласу сұралады.


Соңғы жаңалықтар