Астана әуежайында террорға қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 9.00-ден 13.00-ге дейін Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайдың аумағында жоспарлы түрде антитеррорлық оқу-жаттығулар өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Терроризге қарсы астаналық жедел штаб әуежай қызметтері және «Air Astana» АҚ-мен бірлесіп оқу-жаттығу өткізіп жатыр. Жаттығудың мақсаты - ведомствоаралық ынтымақтастықты жетілдіру және көлік нысандарындағы лаңкестік әрекеттерді жедел анықтау үшін әуежай мен Астаналық жедел штабтың күшін біріктіру.

Оқу-жаттығулар түрлі нұсқаны қарастырады, әрі шынайы жағдайға барынша жақындатылған.

Шараны өткізу барысында әуежай маңында шектеу шаралары жүргізіледі.

Осыған байланысты, АЖШ әуежай қонақтарына оқу-жаттығуға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар