Астана әуежайына түнгі уақытта автобус қатынайтын болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 шілдеден 8 тамызға дейін Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктің түнгі рейстері әуежайға дейін қатынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

City Transportation Systems компаниясы баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, мұндай шешім елордалық әуе айлағының түнгі жұмыс режиміне уақытша көшуіне байланысты қабылданған.

Жолаушыларды №10 бағыттағы автобустар тасымалдайды.

Әуежайдан №10 бағытының түнгі рейстерінің шығу уақыты: 23:18, 00:29, 01:59, 02:59.

Бағдардың күндізгі қозғалыс кестесі өзгеріссіз қалады.


Соңғы жаңалықтар