Астана әуежайына апаратын жол жыл соңына дейін жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әуежайына апаратын жол жыл соңына дейін жабылатын болды. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, қалада жақында «Астана - ЛРТ жаңа көлік жүйесі» жобасын жүзеге асыру үшін №229 (Оңтүстік айналмалы) - Қабанбай батыр даңғылы көшелерінің қиылысындағы жол айырығының құрылысы басталады. Осыған байланысты Қабанбай батыр даңғылының Арнасай көшесінен бастап әуежай терминалының бұрылысына дейінгі бөлігі биылғы жылдың 8-ші ақпанынан бастап, жабылады»,-делінген хабарламада.

Қозғалыс уақытша жол арқылы жүзеге асырылады және жабылған жол бөлігін айналып өтетіндей етіп жасалған. Сонымен қатар уақытша жол бойына арнайы белгілер қойлады.

Астананың Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын аталған аймақтан өткенде мұқият болып, уақытша жолмен тек арнайы белгілердің ғана көмегімен жүруге кеңес береді. Аталған жол бөлігінде жылдамдық 40км/сағ-ға дейін шектелген.

Соңғы жаңалықтар