Астана әуежайы хакерлік шабуыл туралы мәліметке түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалып, Қазақстан арқылы транзитпен ұшқан ресейлік ұшақтарға «тоқта» сигналы жіберілгені туралы ақпарат таратып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Stopfake ресурсына сілтеме жасап.

Әуежайдың баспасөз қызметі осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

– Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы бүгін сағат 12:20-да nn-airport.kz сайтына бірнеше рет сұрау салу арқылы шабуыл жасалғанын хабарлады. Шабуылға тойтарыс берілді және сайттың жұмысы 13:20-да қалпына келтірілді. Сайт ешқандай хабарлама жібермейді, мұндай қызметі жоқ, – дейді астана әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.


Соңғы жаңалықтар