Астана ауасы ластанған қалалардың көшін бастады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» мекемесі өткен аптада ауасы ең көп ластанған қалаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы рейтинг басында Астана қаласы тұр. 27 қыркүйек пен 3 қазан аралығында алынған ауа сынмалары осындай мәлімет көрсеткен.

Аталған аралықта қала аумағында ауадағы концентрациялардың шектен асуы 1318 рет тіркелген. «Қазгидромет» мамандары әсіресе Дулат Батайұлы көшесінің ауданында ауаның сапасы өте нашар екенін анықтап отыр.

Аталған кезеңде ауаның ластығы бойынша алғашқы үштікке Қарағанды мен Алматы қалалары кірді.

«Қарағанды қаласында шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 521 жағдайы тіркелді. Ауа ең ластанған жер – №8 ЛБП ауданы (Пришахтинск шағын ауданы, 3-ші Кочегарка көшесі, 28).

Алматы қаласында ауадағы концентрациялардың рұқсат етіліген шектен асып кеткен 123 жағдайы тіркелді.

Астана қаласында шекті жол берілетін нормалардан асып кетудің 1318 жағдайы тіркелді. Ауа Д.Бабатайұлы көшесі ауданында ластанған», - деп жазылған апталық анықтамада. https://www.kazhydromet.kz/post/1882

Ал Шымкент пен Ақтөбе ауасы салыстырмалы түрде ең таза қалалар болып тіркелді. Өткен аптада бұл екі қалада ауадағы концентрациялардың шектен асуы мүлде тіркелмеген.


Соңғы жаңалықтар