Астана атауының өзгеруін болашақтағы жаңа талпынысқа балаған дұрыс - «Nur Otan» хатшысы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев Астана қаласының атауын өзгертуге қатысты ұсынысқа қолдау білдірді.

«Елордамыз Астана қаласын «Нұр-Сұлтан» деп атауын өзгерту туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің қабылдаған шешімі - тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, керегесін кеңітіп, шаңырағын биікке асқақтатқан Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген ақ пейіл, шынайы құрмет, xалқымыздың ризашылығы деп түсінемін. Қала атауының өзгеруін жарқын болашаққа деген жаңа талпынысқа, үлкен сенімге, ақталар үмітке балаған дұрыс. «Астана» деген әлемге таныс болған брендті басқа нысандардан алмай, сақтап, одан әрі дамыта отырып, елордамыздың жаңа «Нұр-Сұлтан» атауын көңілімізге тоқи берейік дегім келеді», - деді ол.

Қаныбек Жұмашев жалпы ұлттың бірлігі мен ынтымағы үшін мәмілеге келе білген қазақстандықтар бұл жолы да асқан парасаттылық пен даналықты ту етеріне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар