Астана атауы өзгеруіне байланысты қолданыстағы құжаттар да ауыстырыла ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда атауының Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне байланысты азаматтардың қолданыстағы құжаттарды ауыстыруы міндетті емес. Бұл жайында ҚР Әділет министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Президентінің 2019 жылғы 23 наурызда Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қоюына байланысты Әділет министрлігі мыналарды түсіндіреді. Елорда атауының өзгеруі азаматтарға сатып алу-сату, сыйға тарту, ауыстыру, пайдалануға қабылдау сынды жылжымайтын мүліктің құқын белгілейтін құжаттарды, сонымен қатар туу туралы, өлгені туралы, неке қию/бұзу туралы азаматтық хал-ақуал актілерін тіркеу құжаттарын ауыстыру міндетін жүктемейді. Аталған құжаттарда елорданың бұрынғы атауының жазылуы оларды жарамсыз қылмайды», - деп атап өтеді министрліктен.

Сонымен қатар ведомство Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерінде елді мекеннің атауы Астана қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына автоматты түрде ауысатындығын атап өткен.

Соңғы жаңалықтар