«Астана» арнасындағы әр бағдарлама Абай шығармашылығымен ұштастырылмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана» телеарнасы жаңа маусымын бастады. Енді әр бағдарламаның роликтері Абайдың шығармашылығымен ұштастырылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Абай әлемі - ақылдың кені!» «Астана» арнасы осындай ұранмен ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойын атап өтуді бастап кетті. Осылайша, арна ұжымы Абай шығармаларын жас ұрпақ бойына сіңіруге, қадір-қасиетін түсіндіруге атсалыспақ. Себебі, өзі өлсе де, артында өлмейтұғын із қалдырған ақын шығармашылығы халық жүрегінен еш өшпек емес», - делінген таратылған хабарламада.
Атап өтілгендей, 11 қарашадан бастап телеарна жаңа форматты іске қосты. Яғни, стилистикасы өзгерді. Логотипі мейлінше қарапайым әрі тартымды үлгіге ауыстырылып, әр бағдарламаның роликтері хәкім Абайдың шығармашылығына байланыстырылып, көрермен назарына ұсынылатын болады.
- 10 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу
- «Smart Astana» мобильдік қосымшасында отандық радиоларды тыңдауға болады
- «Шұғыла», «Мұра» журналы Манасқа келді - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу
- Хабар арнасынан мигранттар туралы жаңа тревел-шоу көрсетіледі
-
«ҚазАқпарат» ХАА тілшілері «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» байқауында жүлделі болды
-
«Оңтүстік Қазақстан» газеті 95 жылдық мерейтойын атап өтті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам