«Astana Arlans» WSB финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда өткен WSB-дің екінші жартылайфиналдық матчында қазақстандық «Astana Arlans» командасы «British Lionhearts»-ті 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz  сайтына сілтеме жасап.

Олжас Саттыбаев (52 кг) Ниалл Дин Фаррелді - 2:1 (48:47, 47:48, 50:45), Закир Сафиуллин (60 кг) екі раунд нәтижесі бойынша Чед Милнсті, Асланбек Шымбергенов (69 кг) Кумар Маноджоны 3:0 (48:47, 49:46, 49:46) есебімен жеңсе, Арман Рысбек (81 кг) Томас Уиттакер-Харттан жеңіліс тапты, есеп - 1:2 (45:40, 49:46, 45:50). Сондай-ақ Нұрсұлтан Аманжолов (+91 кг) Патрик Майлаттан ұтылды.

Осылайша, жалпы есеп - 7:3 болды. Финалда «Astana Arlans» командасы «Cuba Domadores» - «Colombian Heroicos» жұбының қай жеңгенімен кездеседі. 

Соңғы жаңалықтар