USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

«Astana Arlans» боксшылары науқас бала үшін қолғаптарын сатты

2018 жылғы 27 ақпан 04:45
Бөлісіңіз:
«Astana Arlans» боксшылары науқас бала үшін қолғаптарын сатты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Astana Arlans» бокс клубының боксшылары былғары қолғап саудасынан түскен 1,4 миллион теңгеден астам қаржыны «көбелек синдромы» дертімен науқас бала Артур Грищуктің анасына табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің дерегі бойынша, өткен демалыс күндері Щучье қаласында Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) 8 маусымы аясында «Astana Arlans» пен «Patriot Boxing Team» бокс клубтарының боксшылары жекпе-жектер өткізді. Тартысты кездесуде арландықтарды қонақтарды 5:0 есебімен ойсырата ұтты.

Кездесу аяқталған соң «Astana Arlans» клубының боксшылары былғары қолғаптарын сату бойынша аукцион өткізді. Одан түскен 1,4 миллион теңгеден астам қаржыны «көбелек синдромы» дертімен науқас бала Артур Грищуктің анасына Ольга Грищукке табыс етілді.

Сирек кездесетін бұл дерт Артурдың толыққанды өсіп, дамуына кедергі келтіруде. Ыстығының жиі көтерілуі, денесінің мұздап, әлсіреуінің салдарынан бала тіпті далаға да шыға алмайтын көрінеді. Артур Бішкек және Мәскеу қаласындағы баланың денсаулығы орталығында тексеріліп, емделген. Алайда, одан еш нәтиже шыққан жоқ.

«Баламаның ауырып, қиналып жүргенін көргенде ана жүрегім екіге айырылғандай күй кешемін. Баламды бәрі жақсы болады, шыда деп уатамын. Денесіндегі терінің 60-70 пайызы зақымданған. Күніне әр екі сағат сайын денесін дәкемен танып отыру қажет. Күннен күнге дерті ушығып барады. Қайтсек те, жазылып кететініне сенеміз. Бәрі жақсы болады, оған біздің еркіміз бен қуатымыз жетеді», дейді Ольга Грищук.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT