«Астана арландары» ұлыбританиялық боксшыларға қарсы кездесуді жеңіліспен бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атыраудағы «Жайық» спорт кешенінде «Астана арландары» мен ұлыбританиялық «British Lionhearts» арасындағы қарымта кездесу өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арландар» сапында 52 келі салмақта бірінші болып Сәкен Бибосынов шаршы алаңға шықты. Қарсылас команданың боксшысы Уил Каулеймен өткен алғашқы раунд Сәкен үшін сәтті өтті. Осының арқасында алғашқы раундта Сәкен үш төрешінің де ұпайын иеленді. Алайда, екінші раундта британдық басымдығын танытып, тіпті үшінші раундта алға шықты. Өзіне жайлы қашықтықты таңдап алған британдық боксшы ендігі кезекте айласын асыртпастай көрінген. Алайда төртінші раундта сериялы соққыларымен қарсыласын бас көтертпей, басымдықты қайтарғандай көрінгенімен, төрешілер төртінші раундты Каулейге берді.

Бес раундтық тартысты кездесу ақыры Уил Каулейдің жеңісімен аяқталды. Жалпы есеп әзірге 3:3.

Еске сала кетсек, Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалындағы «Astana Arlans» пен «British Lionhearts» командалары арасындағы алғашқы кездесуде отандастарымыз жеңіске жеткен болатын. Жартылай финалдық кезеңнің алғашқы айқасын сырт алаңда, яғни Ұлыбританияның Шеффилд қаласында өткізген жерлестеріміз жергілікті боксшыларды 3:2 есебімен ұтып, финалға бір табан жақындай түскен.

Жекпе-жек кешін «Хабар» арнасы тікелей эфирден көрсетуде. Бүгінгі кездесуде жеңіске жеткен команда кубалықтармен немесе француздармен (екеуінің арасындағы айқастың жеңімпазымен) кездеседі.


Фото: www.instagram.com/astanaarlans

Соңғы жаңалықтар