«Астана арландары» финалдағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бүгін қазақстандық «Астана Арландары» Қытайда WSB сериясы аясында «Куба Домадорес» командасымен финалдық кездесулерін бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаршы алаңға алғашқы болып жеңіл салмақтағы боксшылар шықты. «Астана Арландары» сапынан 49 келі салмақтағы Теміртас Жүсіпов кубалық қарсыласы Дамиан Арсе Дуартемен айқасты. Теміртас бес раундтың қорытындысы бойынша  3:0 есебімен ұтып, командаластарына алғашқы ұпай әперді.

Осылайша "Астана арландары" 1:0 есебімен алға шықты.

Соңғы жаңалықтар