«Астана арландары» бір жеңілістің есесін екі жеңіспен қайтарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда өтіп жатқан «Астана арландары» мен ұлыбританиялық «British Lionhearts» арасындағы қарымта айқастың екінші және үшінші кездесуі қазақ боксшыларының жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жайық» спорт кешенінде өтіп жатқан бокс кешінде екінші кездесу Серік Теміржанов пен Калум Френчтің арасында өтті. Алғашқы кездесуді Серік пәрменді бастағанымен, одан кейін қалған раундтарда британдық басымдығын таныта білді. Қимылы ширақ Калум Френчті барын салғанымен, төрешілер жеңісті Серік Теміржановқа берді.

Бокс кешінің көрермендері нағыз боксты Асыланбек Шыңбергенов пен Карл Фейлдің арасындағы айқаста көргендей болды. Алғашқы екі раунд тең көрінгенімен, үшінші раундта айқас Шыңбергеновтың тықсыруымен өтті. Тіпті бір ногдаун Фейлді есеңгіретіп тастаған болатын. Төртінші және бесінші раундта да британдық боксшы жағдайды өзгерте алмады. Қадау-қадау соққылар Фейлді бас көтертпей, айқас қазақ боксшысының қоржынына түсті.

Айта кетсек, алғашқы кездесу де (52 келі салмақта Сәкен Бибосынов пен Уил Каулей арасындағы айқас) «British Lionhearts» команданың еншісінде кеткен болатын. 

Еске сала кетсек, Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалындағы «Astana Arlans» пен «British Lionhearts» командалары арасындағы алғашқы кездесуде отандастарымыз жеңіске жеткен болатын. Жартылай финалдық кезеңнің алғашқы айқасын сырт алаңда, яғни Ұлыбританияның Шеффилд қаласында өткізген жерлестеріміз жергілікті боксшыларды 3:2 есебімен ұтып, финалға бір табан жақындай түскен.

Жекпе-жек кеші «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетілуде. Бүгінгі кездесуде жеңіске жеткен команда кубалықтармен немесе француздармен (екеуінің арасындағы айқастың жеңімпазымен) кездеседі.

Соңғы жаңалықтар