«Астана-Аренада» футбол көруге кімдер кедергі жасап жүр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Магеррам Магеррамов «Астана-Арена» стадионындағы футбол кезінде қызмет көрсету саласындағы кемшіліктерді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы орайда ол Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының атына тиісті депутаттық сауал жолдады.

Бұл тұрғыда М. Магеррамов стадионға өтетін турникеттерде ұзын-сонар кезек жиналатынын атап өтті.

«Көбісі ойынға балаларымен немесе отбасымен келеді. Балалар мен қыздар стадионға жан-жақтан қысылып әрең өтеді», - деді ол. Сонымен қатар, депутат стадионға жеткен кезде де кедергілер болатынын атап өтті. Төмендегі бірінші қатарлар мен жоғарыдағы қатарларға жанкүйерлер жіберілмейді. Барлық өркениетті елдерде қызмет көрсететін адамдар алаңның шетіне, баспалдақ өткеліне, сондай-ақ стадиондағы бірінші қатардың шеткі орындарына жайғасады. Бізде стюардтар мен Ұлттық гвардия қызметшілері төменгі бірінші қатар мен жоғары қабатта тұрады.

«Адамдар футбол көруге келеді. Алайда тұрғындар футболдың орнына алдындағы қызметшілерді, яғни алаңдағы көріністі жауып тұрған формадағы адамдарды ғана көре алады. Бұл өз кезегінде жанкүйерлердің наразылығын тудырады. Бұдан бөлек, бапкерлер құрамы мен ойыншылар орындарынан кейін тұрған секторлардағы көріністе кемшілік бар.

Неге осы орындар жабық шатыршамен жабдықталған? Бұл нысаннан кейінгі қатарлар пайдаланылмауы мүмкін. Өйткені осы қатарларда отырғандар ештеңе көре алмайды. Барлығын есептесек, 1000 тарта орын пайдаланылмай қалады. Осы тектес кемшіліктер салдарынан жанкүйерлер мүдделері мүлдем назарға алынбай отыр», - деді М. Магеррамов.

Осыған байланысты депутат алдыңғы қатарлы еуропалық елдердің тәжірибесін зерттеу қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар