«Астана-Арена»: Футбол, табиғи көгал, мундиаль...

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Әлем чемпионаты Қазақстанға жақын Самара, Екатеринбург, Волгоград сияқты қалаларда өтіп жатқанда миллиондаған жанкүйерлердің сүйікті мундиаліне бір табан жақындап қалған сияқтымыз. FIFA-ның Бәйтерекке ұқсас кубогы өз елімізде ойнатылса екен деген арман да жоқ емес.

Әрине, ұлттық құраманың дайындығы, ал, ең бастысы, қажетті инфрақұрылым болмаса, әлемдік доданы өткізе алмайтынымыз белгілі. Дегенмен, инфрақұрылым жағынан тәжірибеміз бар. Соның бір дәлелі - «Астана-Арена». Осы уақытқа дейін аталған стадионда талай танымал футболшылар ойнап кетті. Сол кезде отыз мың орны бар спорт кешені xалыққа лық толды. Ал жанкүйерлердің қолдауы, эмоциясы мен жеңіске деген жігері қазіргі мундиальден ешбір кем болмады. ҚазАқпарат тілшісі Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия бойынша бірегей нысанның құрылысына шолу жасап, осы жерде өткен тариxи матчтарды еске алды.

«Астана-Арена» стадионы екі жарым жылдың ішінде салынды. Оның құрылысына мыңдаған тонна металл мен бетон жұмсалды. Мәселен, темір конструкциялардың жалпы салмағы 11,5 мың тоннаны құрап отыр.

nullnullnull

Құрылысшылардың айтуынша, ашылып-жабылатын шатырды орнату ең ауыр жұмыстардың бірі болды. Себебі аталған конструкцияны жерде бөлек-бөлек жинағаннан кейін төбеге шығарып құрастыру қажет. Ал оны арнайы рельстерге дұрыс қондырмаса, шатырдың екі жағы келіспей қалады. Ортасында саңылау болады. Ондайда әрбір детальді миллиметрге дейін есептеп шығару керек. Дегенмен, құрылысшылар өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып шықты.

nullnull

Стадионның жылжымалы шатырын компьютер арқылы ашып-жауып отырады. Конструкцияның төрт жағында арнайы қозғалтқыштар бар. Аталған аппараттар сым арқандарды тартып, шатырды қозғап тұрады. Ал екі жақ сәйкеспей қалса, компьютерге бірден сигнал түседі. Ол автоматты түрде екі жақты лазер арқылы теңестіреді.

Бүгінде стадионның шатырын көп ашып, жаба бермейді. Жылына екі рет қана іске қосады. Көктемде күн жылынғанда ашады, күзде ауа температурасы төмендегенде жауып қояды. Бұрын жылжымалы шатыр 20 минута ашылатын. Қазір оған бір сағаттай уақыт кетеді. Себебі тоғыз жылдың ішінде Астананың кез келген құрылыс нысаны «отырады». Елорданың климаты мен топырағы сондай.

null

Негізі, дәл осы шатырдың арқасында «Астана-Арена» бірегей нысандардың қатарына кіреді. Әлем бойынша жылжымалы шатыры 10 000 шаршы метрді құрайтын алты стадион бар екен. Соның бірі - «Астана-Арена». Орталық Азия аймағында ондай спорт кешені әлі салынбаған.

null

Сөз жоқ, шатырдың астындағы алаңда жасанды желек емес, табиғи көгал болғанда, стадионның атақ-абыройы бұдан да жоғары болатын еді. Шетелдік футболшылардың орынсыз сын-ескертпелері де азаяды. Алайда «Астана-Аренада» табиғи көгалды төсемеудің өзіндік себептері бар. «Бұл жерде көп командалар жаттығады. Қазақстан құрамасы, «Астана» футбол клубы, жастар командасы, оған қоса, басқа облыстардың командалары келіп жаттығады. Ұжымдар арасындағы футбол жарыстары тағы бар. Соның салдарынан алаң тез тозады. Мысалы, осы уақытқа дейін біз жасанды желектің өзін төрт рет ауыстырдық. Негізі, бір төсенішті қолдану мерзімі - 7-8 жыл. Біз болсақ, он жылға жетпей, төрт рет ауыстырдық. Себебі ойындар көп өтеді. Ал оның орнында табиғи көгал болса, мүлдем шыдамайды ғой. Сосын бұл жерде сан алуан концерттер өтеді. Ол кезде алаңның үстіне арнайы материал төсейді. Азия ойындарының ашылу кезінде солай істеді. Табиғи көгал болса, алаңды олай жаба алмайсың», - дейді футбол алаңын дайындау және қызмет көрсету бөлімінің бастығы Қалқаман Бәйсейітов.

nullnull

Оның айтуынша, жасанды желек табиғи көгалдан еш кем емес. Астында жұмсақ материал мен жылыту технологиясы бар. Оның үстіне жасанды желекті төсейді. Одан кейін кварц құмды, резеңке ұнтақтарын себеді. Соның арқасында жасанды шөптің түгі тікірейіп тұрады. Онсыз бір басып өтсең, жатып қалады. Стадион мамандары жасанды шөпті күн сайын арнайы техникамен тарап отырады. Тіпті, суару жұмыстары да жүргізіледі. «Негізі, жасанды желекті көп суармайды. Бірақ футболшылардың өздері су сепсін деп сұрайды. Өйткені доп жақсы домалайды. Сосын алаңды FIFA мен UEFA-ның мамандары жыл сайын тексеріп отырады. Сызықтар бір сантиметрге ауытқып кетсе, айыппұл салады. Олардың ақшалары ғой. Кемшлікті неғұрлым көп тапса, ақша да соғұрлым көп түседі. Абырой болғанда, бізге бірде-бір рет айыппұл салған жоқ», - деп атап көрсетті Қ.Байсейітов.

nullnull
null

2009 жылы жаңа стадион ресми түрде ашылды. Бас кезінде оған Қажымұқан Мұңайтпасов аты берілді. Алайда артынан «Астана-Арена» деген атауға өзгертілді.
null
null

null
null
null

Алғашқы мачты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ашты.

null

Сол кезде «Локомотив» (қазіргі «Астана» клубы) және Қазақстанның жастар құрамасы өзара күш сынасты. Екі команданың атынан әлемге танымал жұлдыздар да өнер көрсетті. Жастар құрамасы сапында Каха Каладзе мен Андрей Шевченко ойнаса, «Локомотивтің» атынан түрік футболшылары - Хасан Шаш пен Хакан Шүкір шықты. 2002 жылы өткен Әлем чемпионатында Х.Шүкір ең жылдам гол соққан футболшы ретінде тарихқа енді. Оның 10 секундтық рекордын әлі ешкім жаңартқан жоқ.

null

Сол жылы қазан айында Қазақстанның ұлттық құрамасы «Астана-Аренада» алғашқы матчын өткізді. Әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында қазақстандық футболшылар Хорватиямен кездескен болатын.            

«Астана-Арена» стадионында «Шахтер» клубының тарихи матчтары да өтті. 2013 жылы Қазақстанның біріншілігін жеңіп алғаннан кейін қарағандылық команда УЕФА-ның Чемпиондар лигасына жолдама алды. Алғашқы айналымда Беларусьтың «БАТЭ»-сын, одан кейін албаниялық «Скендербеу» клубын жеңіп кетті.

Ал топтық раундқа шығу үшін Шотландияның «Селтик» командасымен кездесті. Алғашқы ойын «Астана-Аренада» өткен болатын. Ол матчта «Шахтер» клубы 2:0 есебімен жеңіске жетті.

«Шахтер» осы іріктеуден өте алмаса да, Қазақстан тарихында алғаш рет Еуропа лигасының топтық раундына шықты. Осыдан кейін «Астана» клубының жеңісті жолы басталды. 2015 жылы аталған клуб УЕФА-ның Чемпиондар лигасы аясында Финляндияның «ХИК» командасымен кездескен еді. «Астана-Аренада» өткен матчты ұмыту мүмкін емес. Сол кезде астаналық клубтың ойыншылары драмаға толы «камбэк» жасады.

«Астана» клубы отандық футбол тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық раундына шықты. «С» тобында астаналық футболшылар «Галатасарай» (Түркия), «Бенфика» (Португалия) мен «Атлетико» (Испания) сияқты командаларға қарсы ойнады. Сырт алаңда ұтылсақ та, «Астана-Аренада» өткен барлық ойындарда тең түстік.

Одан кейінгі жылдары да «Астана» клубы Чемпиондар лигасының іріктеу турниріне қатысып, өз жанкүйерлеріне тамаша матчтарды сыйлады. Осы орайда Шотландияның «Селтик» клубына қарсы болған ойындарды ерекше атап өткен жөн. Сол кезде «Астана-Арена» стадионы халыққа лық толды.

 

  

  

«Астана-Аренада» Месут Озил, Бастиан Швайнштайнгер, Златан Ибрагимович сияқты танымал футболшылар да өнер көрсетті. Осы матчтарды көруге келген халық көп болды. Стадионның ішінде ине шаншар жер болмады.

nullnull

Осылайша, тоғыз жылдың ішінде «Астана-Аренада» қызықты әрі тартысты ойындар көп болды. Онымен бірге Қазақстандағы футболдың деңгейі де көтерілді. Әрине, Әлем чемпионатын өз жерімізде өткізу үшін әлі де біраз еңбек ету керек. «Астана-Арена» сияқты бір емес, бірнеше стадион қажет. Мундиаль үшін одан да үлкен стадиондар салынуы шарт. Оған дейін әлі талай футбол жұлдыздары ауысады. «Қазақстандық Мессилер» де көбейетін шығар...

null

Соңғы жаңалықтар