«Астана - Ардағым» сыйлығының иегерлері анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Астана - Ардағым» сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.







«Астана - Ардағым» сыйлығы елорданың Астанаға көшірілуіне 20 жыл толуына орай тұңғыш рет тапсырылып отыр. Ол Астананың қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан, Президенттің астананы көшіру туралы шешіміне барынша қолдау көрсеткен қайраткерлердің, Алматы қаласы тумаларының еңбегін ескеруге бағытталған. 

Номинанттарды іріктеу  конкурстық комиссияның сайтында ашық дауыс беру арқылы жүзеге асты.

«Астана - Ардағым» сыйлығы 12 санат бойынша 20 адамға тапсырылды. Атап айтқандай, олар - білім мен ғылым, сәулет пен құрылыс, денсаулық сақтау, спорт, өнер, кинематография, журналистика  және әдебиет салалары.

1. Ғылым-білім саласында Астананың дамуына қосқан үлесі үшін - ҚР Орталық мемлекеттік музейінің директоры Нұрсан Әлімбай;

2. Денсаулық сақтау саласында Астананың дамуына қосқан үлесі үшін - №1 қалалық перзентхананың бас дәрігері Рақышев Наурызбай;

3. Спорт саласындағы Астананың дамуына қосқан үлесі үшін - бұрынғы Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов;

4. Білім беру саласында Астананың дамуына қосқан үлесі үшін - ғалым, жазушы Мырзатай Жолдасбеков;

5. Әдебиет саласында Астананың дамуына қосқан үлесі үшін - жазушы, журналист Думан Рамазан мен ақын Маралтай Райымбекұлы;

6. Құрылыс саласында Астананың дамуына қосқан үлесі үшін - «Базис-А» корпорациясының директоры Александр Белович пен инженер-құрылысшы Осман Шаханов; 

7. Өнер саласында Астананың дамуына қосқан үлесі үшін - дизайнер Құралай Нұрқаділова мен мүсінші Болат Досжанов, ҚР Көркемөнер академиясының президенті Амандос Ақанаев;

8. Сәулет саласында Астананың дамуына қосқан үлесі үшін - сәулетші, ҚР Сәулетшілер академиясының президенті Ақмырза Рүстембеков;

9. Инновация саласында Астананың дамуына қосқан үлесі үшін - дәрігер-инфекционист Қарлығаш Әбдиева;

10. Ақпарат саласында Астананың дамуына қосқан үлесі үшін - «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, фотограф Максим Золотухин, 31-арнаның бас  продюсері Нұржан Мұхамеджанова;

11. Кинематография саласындағы Астананың дамуына қосқан үлесі үшін - режиссер  Ермек Шынарбаев, актер Әділ Ахметов;

12. Музыка саласындағы Астананың дамуына қосқан үлесі үшін композитор Марат Омаров, әнші Нағима Есқалиевалар марапатталды.

Лауреаттардың барлығына 1 млн теңгеден ақшалай сыйлық берілді.

«Жасым 80-ге келгенде өсіп өнген, шапағатына бөленген, тәлімін алған Алматыда талай қасиетті жиын болған Республика сарайында осы салтанатты кеште кездесіп жатқанымызға қуаныштымын. Осы залда ҚР Тұңғыш Президентінің таққа отырған рәсімін өткізген едік. Ол маған жүктелген еді. Астанадан арнайы шақырып, сыйлықпен марапаттап отырған Алматы мәслихатының депутаттарына, Бауыржан ініме алғыс айтамын», - деді профессор Мырзатай Жолдасбеков.

Еске салсақ, келесі жылы Қазақстан астанасы үшін мерейлі жыл. Алматыда Астананың 20 жылдығын мерекелеуге арналған бірқатар ауқымды мәдени шаралар, концерттер, фестивальдер, көрмелер өткізу  жоспарланған.









Соңғы жаңалықтар