«Астана» америкалық баскетболшыны қатарына қосты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» баскетбол клубы америкалық қорғаушы Стефан Холтпен 2018/2019 жылғы маусымның соңына дейін келісімшарт жасасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM»-ға сілтеме жасап.

27 жастағы баскетболшы бұған дейін Аустралияның «Буллетс» командасында өнер көрсеткен. Кеше ғана дәрігер қарауынан өткен спортшы бүгін жаттығуларға кіріспек.

Айта кетейік, Стефан Польшада «Астананың» қазіргі бас бапкері Эмиль Райковичтің қоластында өнер көрсеткен болатын. Сонда 18 матчта орташа 9,3 ұпай, 2,2 доп алу және 1,7 нәтижелі пас берген.

Бапкерлер штабы Холттың келуі Энтони Клеммонстың жүгін жеңілдетіп, ротация мүмкіндіктерін кеңейтеді деп сеніп отыр. 

Соңғы жаңалықтар