Астана, Алматы, Шымкент жастарына мың пәтер салу мамырда басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана, Алматы, Шымкент жұмысшы жастарына 1 мың пәтер салу мамырда басталады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылы құрылыс саласы тұрақты өсім қарқынын көрсетті және 2017 жылғы деңгейге қарағанда 4,1 пайыз болып, еңбек өнімділігінің өсімі 9 пайызды құрады. Тұрғын үй құрылысында инвестициялар 8,1 пайызға артты. Бұл 1,2 трлн теңгені құрайды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік қаражаттың 1 теңгесі көрсеткіш ретінде бола тұра, 6 теңге жеке инвестициялар тартылды. Рекордтық 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2017 жылғы деңгейден 12,1 пайызға жоғары», - деді Жеңіс Қасымбек.

Министр дерегінше, 2018 жылы бір тұрғынға тұрғын үйді беру 0,68 шаршы метрді құрады. Бұл ТМД елдерінің ішінде ең жоғары көрсеткіш. 113 мыңнан астам отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарды, оның ішінде мемлекеттік қаражат есебінен 14 мыңнан астам отбасы жалға берілетін және кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Барлық өңірлерде тұрғын үйді беру бойынша оң серпін байқалады. Бұл ретте едәуір өсім Маңғыстау, Атырау, Түркістан және Жамбыл облыстарында орын алды. «7-20-25» бағдарламасын сәтті іске асыру үшін инженерлік коммуникациялардың құрылысын қаржыландыру 100 млрд теңгеге дейін артты.

«Сіздің Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға жыл сайын кемінде 1 мың жалға берілетін пәтерлерді салу бойынша тапсырмаңызды орындау үшін қаржыландырудың тетіктері мен көздері айқындалды. мамыр айынан бастап әкімдіктермен бірге бұл бағдарламаны қарқынды жүзеге асыра бастайтын боламыз. Жалпы 2019 жылы 13 млн шаршы метр тұрғын үйді салуды жоспарлаудамыз. Оның арқасында шамамен 118 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі», - деді ол.

Оның атап өтуінше, барлық қабылданған шаралар нысаналы индикаторларды - 2030 жылға дейін бір адамға 30 шаршы метрге дейін орындауға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар