«Астана-Алматы» бағытындағы пойыз апаты: Бір жасөспірім мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана-Алматы» бағытында қатынайтын пойыздың апатқа ұшырап 8 вагоннның рельстен шығуы салдарынан бір жасөспірім мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір жасөпірімнің қаза тауып, үш адамның жарақат алғандығы туралы ақпарат расталды», - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

Бұған дейін Астанадан Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызының апатқа ұшырағанын хабарлаған болатынбыз. Одан кейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Астана-Алматы» бағытында қатынайтын пойыздың апатқа ұшырауына қатысты ресми мәлімдеме жасап, оқиғаның шығу себебін тексеретін арнайы комиссия құрылғанын жария еткен еді. 

Соңғы жаңалықтар