Астана-Алматы әуе рейсінен мас ресейлік түсірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әуежайының желілік полиция бөлімшесіне «Эйр-Астана» компаниясының өкілінен Астана-Алматы бағытында қатынайтын ұшақ бортында құқық бұзушы бар екендігі туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көлік полициясы тексеру барысында Ресей Федерациясының 65 жастағы азаматын анықтады. Мас күйдегі еркек өзін дөрекі ұстап, бортсеріктердің ескертуіне құлақ аспаған. Осылайша ол жолаушылардың тыныштығын бұзған. Мән-жайды анықтау  үшін ол аталған әуе рейсінен түсірілді», - делінген көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ведомство ақпаратына сәйкес, медициналық куәландыру қорытындысы бойынша ресейлік орташа деңгейде мас болған. Құқық бұзушының үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша  әкімшілік  хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш (12025 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың басынан бері еліміздің әуе және темір жол көліктерінде Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 51 317 құқық бұзушыны әкімшілік жауапқа тартты. Олардың ішінде 6135 ахамат қоғамдық орындарды ішімдік ішкен немесе мас күйде болған.

Соңғы жаңалықтар