Астана әлеуметтік медсақтандыру қорына 81 млрд теңге жарна жиналған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың шілде айында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 3,5 млрд теңге жарна түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елорда филиалының баспасөз қызметі мәлім еткендей, елордалықтар 2021 жыл басталғалы бері, яғни қаңтар-шілде аралығында медициналық сақтандыру үшін 23,2 млрд теңге жарна аударған.

Ал шілде айында МӘМС үшін 3,5 млрд теңге жарна түсті.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2017 жылғы 1 шілде мен 2021 жылғы 31 шілде аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы - 81,3 млрд теңге.

2021 жылдың шілде айында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 3,5 млрд теңге жарна аударған.

Оның ішінде жұмыс берушілердің аударымдары 1,6 млрд теңгеден асады, ал жеке кәсіпкерлерден түскен жарна 1,9 млрд теңгеге жуық.

Осы жылдың 31 шілдесіндегі жағдай бойынша 12740 адам бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бойынша МӘМС-ке жарна төлеген.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес Ұлттық банкте сақталады да, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.


Соңғы жаңалықтар