Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошунға қатысты тергеу басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошунға қатысты арыздың мән-жайын түсіндірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жаxиннің айтуынша, Сергей Хорошунға қатысты арыз түскеннен кейін сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

"Астана қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне Машуровтың арызы түскеннен кейін Астана әкімі орынбасарының заңсыз әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Арызда Машуров "Тамыз Инвест Групп" құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, Хорошунның қамқорлығы үшін өз мүлкін беріп отырғаны жайында айтылады. Қазіргі кезде Машуровтың дәлелдері тексерілуде. Қылмыстық-процесуалды кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеудің мүддесіне сай жария етілмейді", - деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, қала әкімінің орынбасары С.Хорошун тұрғын үй-құрылыс мәселелеріне жауап береді. Ал кәсіпкер Валим Машуров 11 жылға сотталған болатын. Оның ұлы - Фаруx Машуров ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа арызданып, әкесінің жазған уәждерін назарға алуды сұрады.

Соңғы жаңалықтар