Астана әкімі: Талдыкөлдегі жобаларды экологтермен ақылдасып іске асырамыз

None
АCТАНА. ҚазАқпарат – Астана әкімі Жеңіс Қасымбек БАҚ өкілдеріне Талдыкөлдің мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпкерлемен кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Жеңіс Қасымбекке Талдыкөлдің келешек тағдыры туралы сұрақтар қойылды.

Әкімнің айтуынша, бұл мәселе бойынша әкімдіктің айқын жоспары бар. Бірақ ол жоспар экологтердің мақұлдауымен ғана іске аспақ.

«Талдыкөл мәселесі бойынша екі апта бұрын ғана экология белсенділерімен кездестім. Қазір бар көлшіктерді сақтап қаламыз. Ал құрғап кеткен көлшіктердің орнында қандай да бір рекреациялық аймақтар саламыз. Бұл мәселеде айқын жоспарымыз бар. Оны экологтермен ақылдасып, солардың мақұлдауымен орындаймыз», - деді әкім.


Соңғы жаңалықтар