Астана әкімі өз шыршасына озат оқушыларды жинады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Оқушылар сарайында қала әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті. Оған оқуда озат оқушылар шақырылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null null

null

null null

Жаңа жылдық мерекеге әкім Әсет Исекешевтің өзі келмеді. Бірақ орынбасары Ермек Аманшаевты жіберді. " Өткен жыл бәрімізге жақсы болды. Құдайға шүкір, жаман болған жоқ. Астанамызда xалықаралық ЭКСПО көрмесі өтті. Үлкен табыспен өтті. Алдағы жылда елордамыздың 20 жылдығын тойлаймыз. Аталған мейрамға арналған шаралар басталып кетті. Бүгінгі шыршаға қаламыздың озат оқушылар жиналып отыр. Барлығымыз бірге болайық! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жылдың алдында барлығымыз ерекше ғажайыптарды күтеміз. Сол арман-тілектеріңіз орындалсын. Барлық үміттеріңіз ақталсын!", - деді Е.Аманшаев. 
null

null


null

 Осыдан кейін қала әртістері өз өнерлерін паш етті. Қабанбай батырдан бастап қазіргі мультфильм кейіпкерлеріне дейінгі барлық образдар сомдалды. Шыршаның екі жағында орналасқан саxнада әртістер бірінен соң бірі өнер көрсетіп, балалардың көңілін көтерді. Ән де айтылды, би де биленді. Аяз ата мен Ақшақар шығып, шырша шамдарын жақты. Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев та xалық арасында танымал екенін көрсетті. Ортаға Аяз ата шықса да, әкім орынбасарымен фотоға түсікісі келген xалықтың қарасы толастамады. Шыршаға белгілі режиссер Талғат Теменов те келді. Алайда көбісі Аманшаевпен фотоға түсуге асықты. 
null 
null null null 

Соңғы жаңалықтар