Астана әкімі көмір сататын орындарды аралады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана әкімі Бақыт Сұлтанов елордада көмірдің бар-жоқтығын тексеріп, ревизия жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкім қатты отынды сататын негізгі нүктелерге барып, күн сайын түсетін көмір туралы есепті тыңдады және халық арасында айқай-шуға жол бермес үшін нақты тапсырмалар берді. Ол ең алдымен Жұбанов көшесі, 35 мекенжайындағы сауда алаңында болды. Көмір сатушылар мұнда күн сайын Шұбаркөлден 10 вагон көмір және 5 вагон Майкөбе маркалы көмір келіп түсетінін айтты. Сұраныс көбіне таңертеңнен түске дейін қыза түседі. Ал кешкісін көмір жеткілікті болса да, сатып алушылар келмейді екен. Оның ішінде шұбаркөлдік көмірге сұраныс жоғары. 

Ал Көктал, 28/1 мекенжайындағылар әкімге мұнда күн сайын Шұбаркөлден 10 вагон көмір келетінін, оның 5 вагоны - Майкөбе, 5 вагоны - Қаражыра көмірі екенін түсіндірді. Күніне 200 КамАЗ көмір сатылады. Көмір тиеу таңғы сағат 7-ден басталып, кешкі 17.00-ге дейін жалғасады. Бір көлікке шамамен 10 минут уақыт кетеді. Соның өзінде кейбір ірі жүк көлік жүргізушілері кезек сақтамайтындықтан, шу шығып жатады екен.

«Егер бәрі тәртіп сақтаса, кезек тез жылжиды. Бірақ кей жүргізушілер алға кезексіз шыққысы келгендіктен кептеліс туындайды. Тіпті төбелеске дейін барады. Сағат 17.00-де жүк тиеу аяқталады. Сол себепті кім үлгере алмай қалады, ертеңге қалады. Тағы бірі мысал, алыпсатарлар жақын маңдағы халыққа көмірді қайта сату үшін күн сайын осында тұрады», - деді жүк көлігінің иесі. 

Көмір сатушылар клиенттер айқай-шу шығармай тыныш тұрса, барлығын өз уақытымен жіберетінін айтуда. Көмір барлығына жетеді, ол жағынан проблема жоқ», - дейді олар.

Айта кетейік, көмірдің жалпы қоры 19 қыркүйектегі жағдай бойынша - 7951 тонна. Бұдан бөлек, Астанаға 7-18 қыркүйек аралығында 197 вагон немесе 13 50 тонна көмір келіп түсті.

Оның:

- 76 вагоны немесе 5266 тоннасы - Шұбаркөл көмірі (тоннасы 13500 - 14500 тг);

- 32 вагон немесе 1804 тоннасы - Қаражыра көмірі (тоннасы 14 000 тг);

- 5 вагон немесе 346 тоннасы - Богатырь көмірі (тоннасы 8500 - 9500 тг);

- 67 вагон немесе 4 649 тоннасы - Майкөбе көмірі (тоннасы 12000 - 12500 тг). 

Бұрынырақ хабарлағанымыздай, Астана отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы көмір өндірушілермен бағаны өсіруге жол бермеу туралы меморандумға қол қойған болатын. Нарықтағы ахуалға астана әкімдігі күн сайын мониторинг жүргізуде. Қатты отынды сататын орындар мен бағасы туралы ақпаратты тәулік бойы 109 номеріне хабарласып білуге болады. 

null 

Соңғы жаңалықтар