Астана әкімі халықпен ашық диалог өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шаһар әкімі Бақыт Сұлтанов онлайн конференция арқылы Астананың көкейтесті мәселелерін көтеріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің хабарлауынша, қала басшысының қатысуымен өтетін онлайн-форумда бірқатар маңызды мәселелер қаралады.

Атап айтқанда, әкімдіктің жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша қабылдаған шаралары, мемлекеттік қызметшілердің жалпыға тән моральдық-этикалық нормаларды сақтауы және құрылыс саласын дамыту мен Астана қаласының сәулеті талқыланады.

Сонымен қатар, жолаушы тасымалдау бойынша қаладағы көлік кәсіпорындарының проблемаларын шешу және автомобиль жолдарының жағдайы, сондай-ақ, жергілікті бюджетті толықтыру мен Астанадағы коммуналдық меншіктің хал-жағдайы сөз болады.

Форумға қатысқысы келетіндер e.gov.kz сайтындағы «Ашық диалог» - интернет конференция парақшасына электронды цифрлық қолтаңба арқылы кіре алады. Басталу уақыты: 2 қараша, 2018  жыл, сағат 09:00-15.00 аралығында. 

Соңғы жаңалықтар