Астана әкімі Фейсбукте сенбілікке қатысқан жұртшылыққа алғыс айтты
2017 жылғы 29 сәуір 23:34

Астана әкімі Фейсбукте сенбілікке қатысқан жұртшылыққа алғыс айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің мәліметінше, бүгінгі жалпықалалық сенбілікке 150 мыңнан астам адам қатысып, 10 мыңнан астам көшет егілді, жалпы ауданы 3 545 050 шаршы метр болатын саябақтар мен гүл бақтары жиналды.

«Қаланы тазалауға келген барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, үкіметтік емес ұйым өкілдеріне, кәсіпорындар мен мекемелерден қатысқан азаматтарға, ардагерлер мен зейнеткерлерге, барлық коммуналдық қызмет өкілдеріне, жастарға, елорда тұрғындары мен қала қонақтарына үлкен алғыс айтқым келеді! Астана - сіздердің арқаларыңызда көркейіп келеді», - деп жазды әкім Фейсбукте.

Әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, бүгін қала сыртындағы полигонға 952,08 тонна қоқыс шығарылды. Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерінің арналары тазартылды.

«Көктемгі экологиялық сенбілікке 127 мың адам, сондай-ақ 4622 кәсіпорын, ұйым және мекеме, соның ішінде 44 ЖОО және арнайы орта білім мекемесі, 146 мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемесі, 74 денсаулық сақтау мекемесі, 161 мемлекеттік мекеме, ведомстволар мен ұлттық компаниялар қатысты», - делінген онда

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT