Астана әкімі елорданың жылыту маусымына дайындығын тексерді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көшпелі отырыс өткізді және қаланың тыныс-тіршілігіне жауапты қалалық коммуналдық кәсіпорындарға барды, оның ішінде - «АРЭК» АҚ, «Астана су арнасы», ЖЭО-2 мекемелері бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қаланың тіршілігіне жауапты негізгі коммуналдық кәсіпорындардың жұмысы туралы әкімнің орынбасары Қосман Айтмұхаметов баяндады. Аралау барысында Б. Сұлтанов «АРЭК» АҚ, «Астана су арнасы» және ЖЭО-2-ге барды.

Қ. Айтмұхаметовтің айтуынша, қазіргі таңда қаланы жылу маусымына дайындау жұмыстары аяқталуға жақын. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың жылуға дайындығы 97 % құрайды. 12 км су құбыры және 5 км кәріз желісі қайта жөндеуден өтті.

Бақыт Сұлтанов осы жұмыстарды ерекше бақылауға алуды тапсырды. «Біздің жұмысымызды тұрғындар қызмет көрсету сапасы арқылы бағалайды. Біз барынша қолайлы жағдай жасауымыз керек, әсіресе жылу маусымы кезінде. Су, жылу, жарық үзіліссіз берілу керек», - деді Б. Сұлтанов.

Сондай-ақ әкім қалалық «iKomek» жедел әрекет ету орталығының жұмысымен танысты. Бүгінде «iKomek» орталығы дер кезінде кемшіліктерді жоюды үйлестіріп отыратын құрал ретінде әрекет етеді және қаланың тыныс-тіршілігіне мониторинг, талдау жасайды. Тұрғындардың 77% арыз-шағымы бірінші қоңыраудан-ақ шешімін тауып, аталмыш көрсеткішті 85% дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы Б. Сұлтановқа орталықтың басшысы Жанат Дубирова айтып берді.

Кезекті аралаудың соңында Б. Сұлтанов № 27 көшедегі жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары бойынша көшпелі кеңес өткізді. Бүгінде Астана қаласының жол-көше желісі 1 039 көшеден құралады, оның жалпы ұзындығы 1 102,32 км, оның 837,82 км (немесе 76%) асфальтбетон төселген, қатты жабындысыз төсем - 264,5 км (24 %). Инженерлік кешен 8 көлік жол айырығынан, 17 автожол көпірінен, 5 жаяу жүргіншілер көпірінен, 9 өтпежолдан тұрады.

Қ. Айтмұхаметовтің айтуынша, ұзындығы 71,8 шақырым 98 көшені салып, жөндеу жоспарланған, оның ішінде 22 магистральді қала көшелері, ұзақтығы 20,8 км және 65 көше, ұзындығы 35,3 км тұрғын алаптарында салынды. Орташа жөндеу жұмыстары барысында 15,7 км жолдың 11 көшесіне төсем жасалынды. Б. Сұлтанов құрылыстың қарқынын жылдамдатып, алғашқы суық түскенше жолдарды мерзімінде беруді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар