Астана әкімі депутаттар сайлауында дауыс берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына №59 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалғыз айта алатыным, Астана бойынша сайлау белсенді өтіп жатыр. Кадидаттар өте көп. 17 бірмандатты округ бойынша 150-ден астам кандидат бар. Мәжілістің 2 округі бойынша шамамен 70-тен астам кандидат бар. Бұл шынымен де үлкен бәсеке жүріп жатқанын көрсетеді», - деді қала әкімі.

БАҚ өкілдері Жеңіс Қасымбектен бюллетеньдердегі «Бәріне қарсымын» деген бағанды қалай пайдаланғаны жөнінде сұрады.

«Ешбір бюллетеньде ол бағанды белгілеген жоқпын», - деді әкім.

Бұл сайлау учаскесінде 2861 сайлаушы тізімге енгізілген.

«Дауыс берушілерге арнап 2881 бюллетень дайындалған. Тура таңғы сағат 7.00-де бастап кеттік. Жартыс сағаттың ішінде 100-дей адам дауыс берді», - деді №59 сайлау учаскесінің төрағасы Амангелді Мырзабаев.


Соңғы жаңалықтар